RU
Футбол және серфинг: NUR.KZ командасы қандай спортпен айналысады

Футбол және серфинг: NUR.KZ командасы қандай спортпен айналысады

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ IT-компаниясында жан-жақты тұлғалар жұмыс істейді. Бұл мақалада біз сіздерге спортты сүйетін бестік туралы айтамыз.

Жүзу

Rabotanur.kz жұмыс іздеу және жаңа қызметкерлерді іріктеу сервисінің басшысы Лилия Бауэр жұмыстағы күйзелістің не екенін біледі. Оған ойын реттеп, қалыпқа келуге бассейн көмектеседі. Сонымен қатар, жүйелі түрде жаттықтырушымен жұмыс істеу және сабақтардың арқасында Лилия қысқа мерзім ішінде жүзуді және қорқынышты алдын алуды үйренді.

Футбол және серфинг: NUR.KZ командасы қандай спортпен айналысады

Лилия

"Жүзу көп энергия береді. Менің жұмысқа деген қабілетім арта түсті. Таңертең бассейнге түсу жұмыс күніне жиналуға көмектеседі", - дейді Лилия Бауэр.

SUP-серфинг

Маркетолог Даниил Гаянцев ерекше спорт түрін таңдады. SUP-серфинг - бұл толқындарды қажет етпейтін серфинг түрі. Данил демалыста серфингке арналған тақтаны қолданып, өз хоббиін Қазақстанда жүзеге асырып жүр.

Футбол және серфинг: NUR.KZ командасы қандай спортпен айналысады

Даниил

Мәселен ол демалыс күндері серфингистер командасымен Іле өзені мен Сайран көліне жиі барып, таулы көлдерге шығады. SUP-серфингтің арқасында Даниил тек драйв алып қана қоймай, сонымен қатар табиғатымыздың керемет сұлулығын тамашалайды.

Футбол және серфинг: NUR.KZ командасы қандай спортпен айналысады

Даниил

"Бір жыл бұрын Балиде мен алғаш рет серфингті өз көзіммен көрдім. Оның қандай керемет екенін, бәлкім, тек толқынды жеңген немесе жеңуге тырысқан адамдар ғана растай алатын шығар. Шынымды айтсам, бұл соншалықты ауыр спорт түрі деп ойламадым. Серфинг тақтайлар туралы ойлар мені әлі күнге дейін мазалайды (күлді)", - дейді Даниил.

Фитнес

Rabotanur.kz жобасының аға менеджері Евгения Бухинская үшін спорт өте маңызды. Бойжеткен залға тек селфи жасау немесе жай ғана трендке сай болу үшін келмейді. Ол 2.5 сағат залда жұмыс істейді, және бұл нәтиже әкелетіні сөзсіз.

Футбол және серфинг: NUR.KZ командасы қандай спортпен айналысады

Евгения

"Әрбір адам өзіне ұнайтын спортпен айналысады. Мен жұмыстан кейін залға барып, жаттықтырушының көмегімен жаттығулар жасаймын. Менің бапкерім – фитнес-бикиниден Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Футбол және серфинг: NUR.KZ командасы қандай спортпен айналысады

Евгения

Бұрын сәтсіз күндері мен көрпеге оранып, фильм көретінмін, ал қазір залға барамын. Әдетте ой "түзеледі", серотонин жоғарылайды және көңіл-күй жақсарады. Мен жақсы ұйықтайтын болдым. Өз ағзамды зерттедім, энергия мен сенімділігім артты.

Айтпақшы, сенімділік бойынша, фитнес әлеуметтік желілерге арналған фотошопқа көп уақыт жұмсамауға көмектеседі. Егер достар менімен фотосуретті жарияласа, ұят болмайды (күледі)".

Футбол

NUR.KZ командасы футбол әлеміндегі соңғы жаңалықтарды бақылап қана қоймай, өздері де "гол" салудан да кетәрі емес. Ал командамен бірге жеңіске жету керемет сезім сыйлайды!

Футбол және серфинг: NUR.KZ командасы қандай спортпен айналысады

Айта кету керек, біздің компанияның футболшылары БАҚ арасындағы Алматы чемпионатына қатысып, "Fair play" арнайы сыйлығына ие болды, сондай-ақ аты аңызға айналған "Қайрат" ФК капитаны Тимур Сегізбаевты еске алуға арналған турнирде қола медальға ие болды.

Футбол және серфинг: NUR.KZ командасы қандай спортпен айналысады

"Біз футболдың үлкен жанкүйерлері болып табыламыз. Әр апта сайын біз жаттығуларға барып, өз негативімізді және стрессті шығарамыз. Бұл апта ішінде таза ауа жұтқан сияқты. Сіз толығымен жеңілдейсіз және оған қоса спортпен айналысасыз. Біз барлығымыз кеңсе қызметкерлері болғандықтан, бізге қимыл-қозғалыс жетіспейді. Футбол ойнай отырып, біз өз әріптестерімізбен жақынырақ танысамыз. Ал бұл компания ішіндегі командалық рухқа жағымды әсер етеді", - дейді команда капитаны Азамат Шадат.

Марафондар мен жүгірістер

Алматыда үлкен марафондар мен жүгірістер жиі өткізіліп тұрады. NUR.KZ видеомаркетинг бөлімінің басшысы Ильдар Ивуллаев жыл басынан бері 8-ден 16 шақырымға дейінгі қашықтық бойынша 8 рет жүгіру өткізді.

Футбол және серфинг: NUR.KZ командасы қандай спортпен айналысады

Ильдар

"Мен әрдайым жүгіруді ұнататынмын. Қазір марафонға қатысу желіде трендке айналды. Көптеген "спортшылар" Инстаграмдағы" пост үшін ғана жүгіреді... Іс жүзінде, жүгіру адамның ерік күшін жаттықтырады. Сенің табандылығың қашықтықтың соңғы минуттарында тексеріледі. Менімен бірге жүгіруге әріптестерім, достарым және менің сүйіктім қатысады. Біз бір-бірімізбен дос ретінде жарысамыз.

Футбол және серфинг: NUR.KZ командасы қандай спортпен айналысады

Жақында біз рафтингте өз күшімізді сынап көрдік. Шелек өзенімен жүзіп өттік. Бізге өте ұнады!".

Қазақстандық NUR.KZ IT-компаниясы елдегі жаңалықтардың үздік жеткізушісі болып табылады, сондай-ақ ойын-сауық қызметтері нарығында да өзіндік орны бар. Шұғыл жаңалықтар мен өзекті сервистер қайда құрылады? Біздің кеңсемізге виртуалды саяхат жасау үшін, сілтемені басыңыз:

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel