RU
Алматылық тұрғын қайын сіңлісін тегін ұзатқан Сиви Махмудиге алғыс айтты (фото)

Алматылық тұрғын қайын сіңлісін тегін ұзатқан Сиви Махмудиге алғыс айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

KAZ.NUR.KZ оқырманы редакциямызға хабарласып, қайын сіңлісін тегін ұзатып берген отандық танымал әнші Сиви Махмудиге алғысын жаудырды. Келіншек өз уәдесінде тұрған өнер иесіне тәнті болып, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады.

Әйел адам сөзінде тұрған танымал әншіге алғысын редакциямызға хат жіберіп білдірген.

Онда келіншек Сивидің асқан қарапайымдылығына таңғалғанын жасырмады.

Оның үстіне, Махмудидің ұзату өткен ауылға өзі барғаны белгілі болды.

"Сәлеметсіздер ме! Сіздерге айтарым, қазақ эстрадасының әншісі Сиви Махмуди өз жеке парақшасына Алматы қаласынан бір қызды тегін ұзатамын деген байқау жариялаған еді. Шарт бойынша әркім жазбаның астына өз тілегі мен жағдайын айтып қалдыру керек болған.

Өз тілегімді қалдырып, қайын сіңлімді ұзатып беруін сұрап жаздым. "Құттықтаймын, сізді таңдадым" дегенде қуанышымда шек болмады.

15 тамыз күні, кеше Алматы қаласының жанындағы Алексеевка ауылына өзі келіп, ізгі тілегін айтып, әнімен шығарып салды.

Өте қарапайым адам екен. Біз жақтан ақ мата ұмытылып, сәукеле сыймай кішкене ыңғайсыздық тудырса да кішіпейіл мінезімен "бұйырғаны" деп өз сөзінде тұрып ұзатып берді.

Сиви ханымға үлкен рахмет! Үлкен басын кішірейтіп өз уәдесіне тұрғанына ризамыз. Осындай әншілер көп болсын!

Ол кісіге тек қана табыс, отбасына махаббат тілейміз" , - деп ағынан жарылды келіншек.

KAZ.NUR.KZ оқырманы хатпен қоса ұзатудың суреттері мен видеосын да жіберді.

Фото: отбасылық мұрағаттан

Фото: отбасылық мұрағаттан

Фото: отбасылық мұрағаттан

Фото: отбасылық мұрағаттан

Фото: отбасылық мұрағаттан

Фото: отбасылық мұрағаттан

Айта кетейік, бұған дейін Сиви Махмуди өзінің Instagram парақшасында қыздарды тегін ұзату эстафетасын бастаған болатын. Оны әнші өнердегі барша әріптестеріне жолдап, оларды игі іспен айналысып, жарысуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
31
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel