Атырау облысында асылып қалған қыз бен жігіттің денесі табылды
Опубликовано:
Атырау облысындағы Бейбарыс ауылында 12 тамыз күні асылып қалған қыз бен жігіттің денесі табылды деп хабарлайды Ақ Жайық басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Расталмаған деректерге сәйкес, қайтыс болған жігіт - 20 жаста, ал қыз - 18 жаста болған. Марқұмдарды үйдің ауласындағы душтан тауып алғаны айтылуда.
Басылымның мәліметінше, қыз Бейбарыс ауылында, жігіт Талдыкөл ауылында тұрған.
Екі жас бұрыннан таныс екені хабарланды, алайда олардың ара-қатынастары жақын болған-болмағаны белгісіз.
Одан бөлек, бойжеткен қыз биыл медициналық колледжге түскен.
Аталған дерек бойынша тергеу басталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811456-atyrau-oblysynda-asylyp-kalgan-kyz-ben-zigitti-denesi-tabyldy/