Алматыда ЖКО-нан кейін мас жолаушылары бар Volkswagen көлігі аударылып кетті (фото)
Опубликовано:
Алматыда 18 тамызға қараған түні Жандосов-Тимирязев қиылысында жантүршігерік апат болды деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Көше қиылысында Lada Granta және Volkswagen Golf көліктері соқтығысып қалды.
Lada жүргізушісінің сөзінше, ол соққыны сезген кезде бағдаршамда тұрған болатын. Volkswagen Golf үлкен жылдамдықпен келе жатып тежеліп үлгермей, Lada-ны жанынан соққан.
Соққыдан неміс автокөлігі айналып, екінші автокөлікке зақым келтіріп, содан кейін қарсы жолаққа ұшып кетіп, аударылып қалды.
ЖКО куәгерлерінің айтуынша, Golf салонынан бірнеше мас адам шыққан. Олар көліктегі бөтелкелерді жинап, апат орнынан қашып кеткен.
Жедел жәрдем қызметкерлері Lada жүргізушісіне қажетті көмек көрсетіп, үйге жіберілді - ол ауруханаға жатқызудан бас тартты.
Жол полициясы қызметкерлері апаттың мән-жайын зерттеуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811591-almatyda-zko-nan-kejin-mas-zolausylary-bar-volkswagen-kligi-audarylyp-ketti-foto/