RU

Алматыда ер адам көліктің астына түсіп, көз жұмды

Оңтүстік астанада 17-нен 18 тамызға қараған түні жаяу жүргінші көліктің астына түсіп, қаза тапты. Ер адам дәрігерлер келгенше көз жұмды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: UGC

Апаттың Райымбек даңғылында орын алғаны хабарланды.

Куәгерлердің сөзінше, жаяу жүргінші тыйым салынған орында жолдан өтпек болған.

Ол көлік жүретін бөлікке бірден жүгіріп шыққан. Hyundai жүргізушісі тоқтап үлгермеді. Жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілер өткелінен он метр қашықтықта орын алған.

Апаттың мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайды.

Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1811596-almatyda-er-adam-klikti-astyna-tsip-kz-zmdy.html