RU
Scat ұшағы Нұр-Сұлтан әуежайына шұғыл қонды
Жаңалықтар Қоғам

Scat ұшағы Нұр-Сұлтан әуежайына шұғыл қонды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда Қытайдың Сания қаласынан келген Scat әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды деп хабарлайды ҚР ИИДМ Азаматтық авиация қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/caakaz

Фото: facebook.com/caakaz

Борт сағат 16:58-де жерге қонған. Boeing 757 ұшағы VSV464 рейсін орындаған.

Сания әуежайынан ұшу қалыпты режимде өткен, бірақ, кейінірек жергілікті қызметтің ұшу-қону жолағында резеңке қалдықтарын тапқаны хабарлануда.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, белгісіз затпен соқтығысу нәтижесінде сол жақ негізгі қону доңғалағының артқы доңғалақтарының жоғарғы қабаты кесілген", - деп хабарлайды ААҚ.

Қытайлық диспетчерлер табылған зат жайында қазақстандық әріптестеріне дереу хабар берген.

Ұшқыштар жерге қауіпсіз қонуды қамтамасыз ету үшін, өз әрекеттерін Нұр-Сұлтан әуежайының жердегі қызметімен келісіп жасаған.

Қуанышқа орай, жерге қону сәтті болған. Жеті экипаж мүшесі мен 234 жолаушының ешқайсысы зардап шекпеген.

ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен жағдайларды тергеу бойынша басқарманың комиссиясы болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
1
5
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel