RU
Белгілі жазушы Еркінбай Әкімқұлов өмірден озды

Белгілі жазушы Еркінбай Әкімқұлов өмірден озды

Рассказать Вконтакте

82 жасқа қараған шағында белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "Мақтаарал" ауданының Құрметті азаматы Еркінбай Әкімқұлов дүниеден озды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Еркінбай Әкімқұлов 1937 жылы 4 қыркүйекте Түркістан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл ауылында өмірге келген.

1959 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген соң, республикалық "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Алматы қалалық партия комитетінде нұсқаушы, "Жазушы" баспасында редакция меңгерушісі, Қазақ радиосында аға редактор, "Жалын" баспасы бас редакторының орынбасары, "Рауан" баспасында редакция меңгерушісі, редактор, "Кітап жаршысы" ("Друг читателя") басылымында Бас редактор болып қызмет атқарған.

Жазушының "Қарақозы Әбдәлиев", "Даңқым -дәуірім" очерктері мен "Перизат сезім", "Қыз күнделігі" повестер мен әңгімелер жинағы, "Өзбекәлі Жәнібеков" ғұмырнамалық деректі хикаяты сынды бірқатар шығармалары оқырман тарапынан лайықты бағасын алды.

Оның аса көрнекті композитордың өмірін арқау еткен "Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы" атты роман эссесі халықтың сүйіспеншілігіне бөленген туындылардың бірі болды.

Еркінбай Әкімқұлов поляк жазушысы Януш Корчактың "Қайта оралған балалық" повесін, татар жазушысы Р.Мұстафиннің "Кішкентай Мұса" повесін қазақшаға аударса, "Ты – мой светлый мир", "Дневник девушки" деген атпен екі кітабы орыс тілінде жарық көрген.

Қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосып, өшпес із, өлмес мұра қалдырған жазушының есімі оқырман қауымның жүрегінде ұзақ сақталмақ.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel