RU
Назарбаев бизнес-класспен ұшатын шенеуніктерді жазалауды ұсынды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев бизнес-класспен ұшатын шенеуніктерді жазалауды ұсынды

Рассказать Вконтакте

Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлықпен күрес мәселесін көтерді. Ол ІІМ, ҰҚК және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы бағытта жұмыс істеп жатқанын, алайда қарапайым адамдарды бұл күреске ешкім жұмылдырмағанын алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pxhere.com

Көрнекі фото: pxhere.com

Елбасы жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттігін айтты. Осы тұста басқа мемлекеттердің тәжірибесін мысалға келтірді.

"Егер мен өз серіктестеріммен бірге бір кабинетте жұмыс істеп, оның жемқорлық жасауға әрекетін көре тұрға хабарламайтын болсам, мен жазаланамын. Бізд, тіпті, мұндай психология жоқ.
Немесе ұшақта кетіп бара жатырсың- бірінші класс бос, ол (шенеунік) бірінші классқа ауысса, мемлекеттік қызметкердің этикасын бұзғаны үшін жұмыстан қуылады. Ал бізде солай ма? Ал неге біз осылай істей алмаймыз-біз өзімізден бастамасақ, жеңіске жетпейміз",- деді Назарбаев.

Сонымен қатар, ол Швейцариядағы күдікті көліктер мен тұлғалар жайлы хабарлама жібергені үшін ақша алатын зейнеткерлерді тілге тиек етті.

"Қарт әжей отырады. Белгісіз адамдар аулаға кіретін болса, хабарлайды. Сол үшін ақша алады. Міне, жұмыс қалай ұйымдастырылған. Ал бізде ешқандай идея жоқ. Айтады, тексереді, (мемлекеттік қызметкерді) ұстап алады, ал ол дауласады",- деді Елбасы.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel