Құрбысы өзінің жігітінен жүкті болып қалған ару олардың тойында қыз жолдас болмақшы
Жарияланған күні:
Қазақстандық бойжеткен бір жылға жуық уақыт кездескен жігітімен жан құрбысының көңіл қосқанын сөз етті. Оның айтуынша, құрбысы тіпті ол жігіттен жүкті болып қалған екен. Үйленуге шешім қабылдаған ғашықтар тойларында кейіпкерімізге қыз жолдас болуды өтініпті деп хабарлайды "Алаш айнасы" баслымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жігітімен 8 ай жүрген бойжеткен оны құрбысымен таныстырғанын айтты.
Оның сөзінше, сүйіктісі құрбысының нөмірін сұрап, оны бірге қыдыруға шақыратынды шығарған.
"Жігітіммен 8 ай жүрдім. Оны қатты жақсы көрдім. Бақытты едім. Күндер өте келе сүйгенімді құрбыммен таныстырдым. Екеуі жақсы тіл табысып кетті. Бірде жігітім сол құрбымның тел. нөмірін сұрап алды. Ойымда еш нəрсе жоқ берген едім.
Алайда жігітімнің оны ұнатып қалатынын, уатсап желісі арқылы сөйлесетінін мен қайдан біліппін. Күндер өте келе құрбымды көп сұрайтынды шығарды", - дейді ару.
Бойжеткен құрбысымен кездесуге бара жатқан жолда оның опасыздығын өз көзімен көрген. Ғашықтарды тергеген ару жан құрбысының жүкті болып қалғанын білген екен.
"Бір түні құрбыма асығып бара жатқан жолда сүйгенім деп, жан құрбым деп аялап, сыйлап жүрген адамдарымның құшақтасып, маған опасыздық істегенін көрдім.
Оларға ештеңе деместен сол жерде іркіліп тоқтап қалып, көзімнен жас парлады. Үйіме келіп, жасымды тыйып телефон соқтым. Оған тез келуін өтіндім. Құрбыма да соғып, сені тəтті шайға шақырамын деп алдап шақырып алдым.
Екеуі келді. Содан жаңа ғана екеуіңнің құшақтасып тұрғандарыңды көрдім деп едім. Мойындамады. Қатты сөздер айттым. Құрбым да, жігітім де жылап кешірім сұрап, ақыры мойындады.
Сөйтсем, құрбымның аяғы ауыр екен. Екеуінің де жүздерін көргім келмеді. Жігітім де маған мені сүймейтінін, құрбыма үйленетінін айтты", - деп жазды ол.
Араға бірнеше күн салғанда құрбысы тұрмысқа шығатынын айтып, кейіпкерімізге тойда қыз жолдас болуын өтініпті.
Іштей сатқындарды кешірмеген бойжеткен намысты ұмытып, құрбысының көңілін қалдырмауды жөн көрген.
"Екеуі сондай бақытты. Оларды жүрегім кешірмеді деп айтқанмен, Алладан олардың бақытын тілеймін. Енді тойға дайындық жүріп жатыр. Құрбым қыз жолдас болуымды өтінді. Көңілін қалдырмай, жүрегім сыздаса да келіскен едім. Неліктен мен бұлай жаралдым екен деп кейде налимын?! Жүрегім қан жылайды", - деп ашынды кейіпкер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812242-zini-zigitinen-zkti-bolyp-kalgan-krbysyna-kyz-zoldas-bolatynyn-sz-etken-aru-myn-sakty/