RU

Алматыда жантүршігерлік көлік апатынан BMW екіге бөлініп қалды (фото)

Алматыда 22 тамыз күні Сүйінбай даңғылында, Арал көшесінің оңтүстік бөлігінде жантүршігерлік жол-көлік апаты орын алды деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны. Фото: zakon.kz
Оқиға орны. Фото: zakon.kz: UGC

"BMW" маркалы көлік солтүстік бағытта келе жатып, кенеттен жолда ирелеңдеп жүре бастады. Жүргізуші рөлді басқара алмаған себепті көлік жол бөлігінен шығып, жарық беретін бағанаға барып соғылған. Сол себепті ол екіге қақ айырылды.

Оқиға орны. Фото: zakon.kz
Оқиға орны. Фото: zakon.kz: UGC

Көлікті басқарған ер адам жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Ол түрлі жарақаттар алған.

Куәгерлер жол-көлік оқиғасынан кейін көлікте жүргізушінің болмағанын айтты. Ол бұта жаққа ұшып түскен.

Оқиға орны. Фото: zakon.kz
Оқиға орны. Фото: zakon.kz: UGC

Басылым апат ылғалды асфальттің салдарынан орын алуы мүмкін екенін жазуда. Жер апатқа дейін сумен шайылып, жоғарғы жылдамдық пен көлік доңғалағының ескі протекторларының әсерінен теңселе бастаған.

Оқиға орны. Фото: zakon.kz
Оқиға орны. Фото: zakon.kz: UGC

Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық жағдайларын анықтаумен айналысады.

Оқиға орны. Фото: zakon.kz
Оқиға орны. Фото: zakon.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1812312-almatyda-zol-klik-okigasynan-bmw-ekige-blinip-kaldy-foto.html