Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мейрамханадан өрт шықты: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Опубликовано:

Алматыда қалалық мейрамханалардың бірінен өрт шықты. Қазіргі таңда жалын әлі сөндірілген жоқ. Төтенше жағдайдың мән-жайы белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мегаполистің ТЖД Брусиловский 134а мекен жайында өрт орын алғаны туралы хабарлама "101" қызметінің пультіне сағат 8:36-да түскенін мәлімдеді.

"Алматы ТЖД күші мен қызметі оқиға орнына сағат 8:47 шамасында келіп жетті. Олар Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі 134/а мекен жайында жоғарылатылған 1 ҮИС нөмірі бойынша жұмыс жүргізді. Алдына ала мәліметке сәйкес, екі қабатты "Пазанда" кафесінің төбесі өртенген" , - деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.

Нәтижесінде өрт сағат 9:18-де сөндірілді. Жалынның кафеден оған жақын тұрған спортзал ғимаратына таралуы тоқтатылды. Төтенше жағдайды жою үшін жеке құрамның 36 адамы мен 12 арнайы техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, бұған дейін желіде оқиға орнынан түсірілген видео мен фото пайда болған.

Фото: Алматы ТЖД
Фото: Алматы ТЖД: Depositphotos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1812342-almatyda-mejramhanadan-rt-sykty-okigany-mn-zajy-belgili-boldy/

pixel