RU
Неліктен қойдың басын әкесі өмірден озған адамға ғана ұстауға болады?

Неліктен қойдың басын әкесі өмірден озған адамға ғана ұстауға болады?

Рассказать Вконтакте

Белгілі этнограф ғалым Ақеділ Тойшанұлы қазақтың бас тарту дәстүрінің мағынасын түсіндіріп берді. Ол қойдың басын кімге беруге болмайтынын, бас тарту кезінде неге мән беру керектігін ашып айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: arnau-restaurant.kz

Фото: arnau-restaurant.kz

Басылым мәліметінше, бас тарту ежелден келе жатқан рәсімдердің бірі болып табылады.

Жиын-той, ас кезінде, қонақ күткенде сойылған қойдың басы қадірлі, сыйлы адамға беріледі.

Бас мүшесі жаратылыстың, әлемнің бастаушы күші деген ежелгі наным-сенім бар.

Осыған сәйкес, Ақеділ Тойшанұлы көне түркі ескерткіштерінде қой мүсіндерінің болуы бекер емес деп санайтынын алға тартты.

"Бұл тарихи деректерден халықтың қойдың басына, бас тарту рәсіміне ерекше мән бергенін байқаймыз. Бұл - елді бірлікке ұйытатын маңызды рәсімдердің бірі", - деді ол.

Этнографтың сөзінше, қойдың басы ел арасында беделі бар, сыйлы ақсақалға берілетін болған.

"Қойдың басы табаққа салынып, ел арасында беделі бар, жасы үлкен ақсақалға беріледі. Ақсақал дастарқан басында отырғандарға батасын береді", - деді ғалым.

Басылымның дерегінше, сыйлы жан қойдың басын жалғыз өзі мүжімей, ауыз тиген соң жанында отырғандарға үлестіреді.

Ғалым Ақеділ Тойшанұлы басты кімге беруге болмайтынын да түсіндіруде ұмытпады.

Оның сөзінше, қойдың басы әйел адам мен әкесі бар балаға тартылмайды.

"Оларға беруге болмайды. Мысалы, дастарқан басында ақсақал болмаса, ел ағасы болып отырған, орта буындағы сыйлы жігітке беріледі. Бірақ мұндағы шарт - әкесінің болмауы. Егер әкесі бар бола тұра алса, бұл жаман ырым болып саналады", - деді этнограф.

Сондай-ақ, ғалым әкесі өмірден өткен адамның ғана қойдың басын ұстауға құқығы бар екенін атап өтті.

"Мен қарапайым тілде түсіндірейін. Егер менің әкем бұл өмірден озса, онда қойдың басын алуға құқығым бар. Алайда әкем жанымда болса, онда жасым 60-70-ке келсе де, қойдың басын ұстамаймын. Сонымен қатар, қойдың басы міндетті түрде қонаққа тартылады. Үй иесі басты алып кеспейді әрі өзі бата бермейді", - деп сөзін қорытындылады Ақеділ Тойшанұлы.
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel