RU
Атырауда драма театр өртенді (видео)

Атырауда драма театр өртенді (видео)

Рассказать Вконтакте

Атырауда Махамбет Өтемісов атындағы Қазақ академиялық театры ғимараты өрт шықты. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, өрт тал түсте басталған. Куәгерлер жалын ғимараттың артқы жағынан басталғанына сенімді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

"22 тамыз күні сағат 14:30- да Атырау қаласының "101" пультіне Махамбет Өтемісов атындағы Қазақ драма театрындағы өрт туралы хабар келіп түсті.
Екінші қабаттағы электр қалқанындағы от ғимаратқа тарай бастаған.
Өрттің шамамен алғандағы ауданы 1500 шаршы метр.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 40 адам және 7 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері драма театрдың аумағын қоршап алды", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.

Айта кетерлік жайт, Атыраудағы театр ғимаратының бой көтергеніне 75 жылдан асқан.

Ғимарат үнемі қайта жаңартудан өтеді. Соңғы рет театр осы жылы жөнделген.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel