RU
Шотландияда иесі қайтыс болған ит 15 минуттан соң көз жұмды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Шотландияда иесі қайтыс болған ит 15 минуттан соң көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Шотландияда қатерлі ісіктен көз жұмған 25 жастағы Стюарт Хатчинсонның иті Нерон иесінің қазасынан соң 15 минуттан кейін өмірмен қоштасқан. Стюарт бес жыл бойы мидағы қатерлі ісікпен күрескен және оған жанұясы мен сенімді иті көмектескен деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото © SWNS

Фото © SWNS

Жас жігіт үш ит асыраған. Алайда олардың ішінде ең жақыны әрі сүйіктісі Нерон болыпты.

Стюарт пен Нерон бір-біріне байланып қалғандай жүрген көрінген. Иесі қайда барса, иті соңынан кетеді екен.

Фото © SWNS

Фото © SWNS

Отадан да, химиотерапиядан да көмек ала алмаған Стюарт ауруханада көз жұмбас үшін жұбайы Даниэлльмен бірге анасының үйіне барған.

Бір күні Даниэлльдің әкесі үйге кіре бере қимылсыз жатқан Неронды көріп, клиникаға апарады. Онда иттің арқасының зақым келгені белгілі болады. Осылайша, үй жануарын дәрігерлерге тастап кеткен азамат үйге қайтып келгенде адам шошырлық жаңалықты естиді.

Фото © SWNS

Фото © SWNS

Қатерлі ісікті жеңе алмаған Стюарт ақыры көз жұмған екен. Дәл сол кезде түскен қоңырау жанұя мүшелерін мүлде есеңгіретіп тастайды.

Клиникада жатқан Нерон да иесінің өлімін сезгендей сол мезетте қайтыс болған.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
16
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel