RU
Сапарбаевтың орнына келген министр үкіметті алдаған көпбалалы аналар туралы айтты

Сапарбаевтың орнына келген министр үкіметті алдаған көпбалалы аналар туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеге премьер-министр Маминмен бірге еріп барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі өңір келіншектерімен кездесу өткізді. Жаңа министр "Анаға тағзым" орталығында көпбалалы аналармен сұқбат құрып, алдағы жоспарларымен бөлісті деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жалақысы 500 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек алғані анықталды

Біржан Нұрымбетов, Ербол Данағұлов. Фото: NUR.KZ

"Қалай мен Ақтөбеге келіп тұрып аналармен кезбеспеймін?! Премьер-министрден рұқсат сұрап, ол кісі нысандарды аралау барысында аналармен кездестім.

Қазіргі уақытта атаулы көмек алып жүрген аналарымызға қатысты ерекше жоба жасауды қолға алып жатырмыз.

Жалдамалы пәтерлерді беріп, ертеңгі күні оны сатып алатындай мүмкіндік жасаудың техникалары қарастырылуда. 

Өкінішке орай, кейбіреулері табысын жасырып, атаулы әлеуметтік көмек алып отырған. Оның барлығы ақпараттық жүйе арқылы тексеріледі.

Өтініш тапсырғандар арасында 500 мың теңге айлық алып жүргендер болған. Мұндай әрекеттерге барғандардың ісі ұят.

Кездесуде осындай әрекетке барғандардың мемлекет ақшасын қайтару керектігі айтылды. Жаза қолданылмайды, тек алған ақша қайтарылу керек.

Облыста осындай жағдайда төлем тоқтаған 3-4 адам бар екен, мойындап жатыр. Оларды жауапқа тартамыз деген әңгіме болмайды", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Аналар жаңа министрге атаулы әлеуметтік көмек алдағы уақытта тоқтатыла ма әлде жалғаса ма деген сұрақтарын қойды.

"Бұл аз қамтылған отбасыларға мемлекет тарапынан берілетін көмек. Бұл жұмыс тоқтамайды. Төлемдерді уақытында беру, мөлшерін арттыру жұмыстары жалғасады. 

Мемлекетіміз ана мен бала қамқорлығына да үлкен басымдық беріп отыр. Бізде сәби өмірге келгеннен бастап төленетін жәрдемақылардың әр түрі бар.

Мүгедек жандарды тәрбиелеп, күтіп отырған аналарымызға бір айлық көлемінде тағы төлем енгізілді. Алтын алқа, күміс алқа алып жүрген ардақты аналарымыздың зейнетақысына да қосымша қаржы төленеді", - деді Біржан Нұрымбетов.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы аналардың министрмен кездесуіне барлық жағдайдың жасалғанын айтты.

"Бүгін аналармен кездесу өтті. Барлығы көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында мемлекетіміз барлық жағдайды жасап жатыр", - дейді басқарма басшысы  Ербол Данағұлов.
Сіздің реакцияңыз
28
7
0
1
4
18
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel