RU

Алматы облысында парашютпен секірген әскери адам мерт болды

Алматы облысында сарбаздардың бірі қаза тапты. Әскери қызметкер төменге қарай секіргенде парашюты ашылмай қалған. Оның запастағысын қолданбағаны белгілі болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Қорғаныс министрлігі 22 тамызда әскери қызметкерлер Қапшағайдың оңтүстік-батысында ұйымдастырылған жоспарлы парашютпен секіруге аттанғанын мәлімдеі. Әскерилер Ми-17 әуе кемесімен жоғарыға қарай көтерілген.

Ведомство полковник Алдынгуров қайтыс болғанын, оның парашютінде 200-300 метр биіктікте проблемалар болғанын растады.

Қауіпсіздік ережелерінің бұзылғаны да айтылды.

Әскери қызметкердің негізгі парашютты қолданып, қосалқысын пайдаланбағаны белгілі болды.

Төтенше жағдай салдарынан ол жерге құлап, ауыр жарақат алған.

Қазіргі уақытта "Қызметке немқұрайлы қарау, ауыр зардаптарға әкеп соғу" бабы бойынша тергеу басталды.

Оқиғаға кінәлілер бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1812690-almaty-oblysynda-parasutpen-sekirgen-skeri-adam-mert-boldy.html