RU
Жұмыс орнындағы қауіпсіздік – тұрақты бақылауда

Жұмыс орнындағы қауіпсіздік – тұрақты бақылауда

Рассказать Вконтакте

Жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – жұмысшыларды әртүрлі оқыс жағдайдан қорғауға және олардың денсаулығын сақтауға ықпал етеді. Осы ретте, жұмыс беруші тарап кәсіпорындағы қауіпсіздік талаптары мен шарттарын орындауға міндетті саналады.

ааааа

Жұмыс орнындағы қауіпсіздікті бақылау үшін еңбек шартының арнайы бақылау жүйесі қызмет етеді. Ол өз кезегінде өндірістің ерекшелігі мен жағдайына орай, қызмет түріне байланысты тұрақты тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады.

Жұмыс орындарын аттестациялау дегеніміз не?

Еңбек шарты бойынша жұмыс орындарын аттестациялау – жұмыс аумағындағы қауіпсіздік деңгейін бағалау үшін жүргізілетін іс-шаралар жиынтығы. Аттестациялау кезінде өндірістік операцияларды орындау барысында жіберілген зиян әрі қауіпті факторлар кездесуі мүмкін. Бұл –өндіріс мәдениетінің басты элементтерінің бірі.

Ал жұмыс орнындағы аттестациялаудың негізгі мақсаты – өндірістегі жазатайым оқиғалар мен жұмыста душар болатын аурудың алдын алу бойынша шаралар қабылдау.

Жұмыс орындарын аттестациялау мынадай міндеттерге жауап береді:

  • Жұмыс қызметі әсерінен адам денсаулығына залал келтіретін факторларды зерттеу;
  • Еңбек шартының қолайсыздығы үшін компенсация төлеу және жекелеген кәсіп түрлеріне экономикалық тұрғыдан көмек көрсету;
  • Ағымдағы жұмыс жағдайын жақсарту үшін кешенді іс-шаралар жасау және адам денсаулығына зиян келтіретін факторларды азайту.

Жұмыс беруші нені білуі қажет?

Ұйым басшысы аттестацияның маманданған ұйыммен жүргізілетінін, заң аясында аккредитацияланғанын және 5 жылда бір рет өтетінін білуі тиіс.

Осы ретте, кәсіпорындар үшін ешқандай ерекшеліктер жоқ: ел аумағындағы барлық өндірістік ұйымдар аттестациядан өтеді.

Егер кәсіпорында жаңа технологиялық жабдықты немесе процестерді ауыстыру, енгізу, орнату бойынша жұмыстар жүргізілсе, онда осындай қайта құрылған өндірістік орындарды аттестациялау олар пайдалануға берілгеннен кейін 90 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Айта кетейік, өндіріс орындарын аттестациядан өткізетін арнайы ұйымдар туралы барлық мәліметтер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында көрсетілген.

Өндіріс нысанындағы еңбек шартын тексеру жоспарланған кезде арнайы комиссия құрылады. Оның құрамына төраға, құжаттарды жүргізетін комиссия мүшелері мен хатшы кіреді. Ең бастысы, аттестация жүргізетін комиссия құрамына басшы немесе орынбасары, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметі мамандары, келісім бойынша ұйымның құрылымдық бөлімшелері, жұмысшы өкілдері кіреді. Шарттар комиссияның барлық мүшесімен қаралады және әр тараптың пікірі тыңдалады.

Жұмыс орындары жарақат алу қауіпсіздігі мен жұмысшыларды жеке қорғайтын құралдармен қамтылып, қауіпті әрі зиянды болмаған жағдайда аттестациялау толық аяқталады. Бұл дегеніміз жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі шарттары ҚР Еңбек заңына сәйкес келетінін көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel