RU
Тоқаев: Ұлытау туристік мекенге айналуы тиіс

Тоқаев: Ұлытау туристік мекенге айналуы тиіс

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы "Ұлытау 2019" халықаралық туристік форумының жұмысына қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде қасиетті мекеннің этнографиялық, зияраттық және экологиялық туризмді дамыту үшін зор әлеуеті бар екенін атап өтті деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

"Тарихы терең Ұлытаудың қадір-қасиетін бағалай білу – баршамызға ортақ парыз. Еліміздің осындай баға жетпес бай мұрасын өзге жұртқа танытудың жаңаша жолдарын ойластыруымыз керек. Мысалы, Монғолия Шыңғыс хан тұлғасын халықаралық туризмді дамыту үшін өте тиімді пайдаланып отыр.
Ал, Шыңғыс ханның үлкен ұлы – Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейді. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени турнысанына айналдыру – өте маңызды міндет. Ұлытау – халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығы болуы тиіс, – деп атап өтті мемлекет басшысы.
Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлытаудың киелі нысандары отандық және шетелдік туристерді тартатын орындарға айналатынына сенім білдірді.

"Ұлытау туристік мекенге, демалыс аймағына әрі ұлы бабаларға тағзым ету орталығына айналуы тиіс. Бұл өңірге қазақ тарихының символы болатын ескерткіш-ансамбль орнату қажет. Ұлытаудың тарихы мен тағылымын жастар тәрбиесі мен отаншылдық рухты дамытуға пайдалану керек", – деді Мемлекет басшысы.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel