Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Амазониядағы өрт: Бразилия халықаралық көмек қабылдауға дайын

Опубликовано:

Бразилия билігі Амазония ормандарындағы өртке қарсы күресте шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың көмегін қабылдауға дайын, деп мәлімдеді ел үкіметінің баспасөз хатшысы Отавиу Регу Баррус. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook
"Бразилия үкіметі халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден қаржылай көмек алуға дайын. Түскен қаражатты тек қана Бразилия халқы үйлестіретін болады", - деп мәлімдеді ел үкіметінің баспасөз хатшысы брифинг барысында.

Дүйсенбі күні кешке Бразилия президенті әкімшілігінің басшысы Оникс Лоренцони ел үкіметінің Франция президенті хабарлаған "жетіліктің" Амазониядағы өртті сөндіруге 20 миллион еуро көлеміндегі қаржылай көмегінен бас тартатынын мәлімдеген. Алайда, кейіннен Бразилия басшысы Макронның оны өтірік айтты деген айыптауларынан бас тартқан жағдайда ғана бұл көмекті қабылдау мүмкіндігін қарастыратынын алға тартты.

Өткен аптада Бразилия президенті Жаир Болсонару Амазония ормандарындағы өртті сөндіруге әскер күштерін тартуды қарастыратын жарлыққа қол қойды.

Елдің қорғаныс министрлігінің ақпары бойынша, өртке қарсы іс-шараларға 43 мыңнан астам әскери қызметкер жұмылдырылған. Олар жағдайды толық бақылауда ұстап отыр. Өртпен күресу үшін әскерилерге 9 миллион АҚШ долларынан астам қаражат бөлінген.

Бразилия ғарыштық зерттеулер ұлттық институтының мәліметінше, қаңтар мен тамыз аралығында өрт салдарынан Амазония ормандарының 1,8 миллион гектар аумағы жойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1813354-amazoniadagy-rt-brazilia-halykaralyk-kmek-kabyldauga-dajyn/

pixel