RU
Ернар Айдардың тұңғышы дүниеге келді

Ернар Айдардың тұңғышы дүниеге келді

Рассказать Вконтакте

Танымал шоу-бизнес өкілі, хит әнші Ернар Айдар алғаш рет әке атанды. Өнер иесінің жұбайы қыз баланы өмірге әкелген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ернар Айдар. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ернар Айдар. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бұл жайында әншінің қарындасы Жазира Айдар Instagram парақшасында жазып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

"Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше қуанышты күн! Жүрегім, қамқоршым, егізім, ағатайым Ернар Айдар әке атанды.
Тағы да әпке болдым. "Жалғыз қыз" деп Алла сіңлілерімді көбейтіп жатыр. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Аллаға шүкір", - деп жазды әншінің қарындасы.

Ал хитменнің отбасындағы қуанышты естіген көпшілік жарыса ақ тілегін жолдаған.

"Құтты болсын", "Бауы берік болсын", "Сіңлің құтты болсын", "Сәбидің өмір-жасы ұзақ болсын" деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, Ернар Айдар 2017 жылдың тамызында шаңырақ көтерді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel