RU

Павлодар облыстық экономикалық тергеу департаменті атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті өзінің құзіреттілігі аясында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмысты ашу және тергеу функцияларын атқаратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі жөніндегі комитетінің аумақтық органы болып саналады.

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті

Басым бағыты - «көлеңкелі экономикамен», яғни салық төлеуден жалтару, жалған шот-фактураларды жазу, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, жалған ақша шығару және тағы басқа құқық бұзушылықтармен күрес.

2019 жылы төмендегі қылмыстық істерге қатысты сот шешімдері шықты:

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген, «Global technology OSP» ЖШС мен «ORIONAVTO» ЖШС атынан алдын ала келісім бойынша бір топ адамның нақты атқарылмаған жұмыс, қызмет түрі және тауарды түсіру бойынша жалған есепшот-фактураларды жазуға қатысты (03.07.2014 жылы редакцияланған ҚР ҚК 216-бабы, 2-бөлімі, 2-тармағы) сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

22.06.2018 жылы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде «ORIONAVTO» ЖШС, «Global technology OSP» ЖШС атынан үшінші кәсіпорынға қатысты 255 931 917 теңге болатын келісімнің жалпы сомасынан 6 % (15 356 000 теңге) көлемінде тауарсыз есепшот-фактураларды жазған Мухаматрахимов В.Г. пен Жунусов Р.С қылмыс үстінде ұсталды.

Маманның 22.06.2018 жылғы №267 және №270 қорытындыларына сәйкес, есепке алынуы тиіс салықтың жалпы сомасы мен бюджет төлемдері 73 123 405 теңгені құрайды.

Екібастұз қалалық сотының 13.05.2019 жылғы үкімі бойынша Мухаматрахимов В.Г. пен Жунусов Р.С. 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектетілді, сондай-ақ әрқайсысы жылына 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тартылды.

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Суров А.В. мен Самойленко А.В. қатысты бірнеше рет бір топ адамның алдын ала келісімі бойынша жеке кәсіпкерлік субъектісінің атқарылмаған жұмыс, қызмет түрі және тауарды түсіру бойынша жалған есепшот-фактураларды жазуы, сонымен қатар аса ірі көлемде салықпен бюджетке төленуі тиіс міндетті төлемдерден жалтаруға қатысты (03.07.2014 жылы редакцияланған ҚР ҚК 216-бабы, 3-бөлімі, 245-бабы 3-бөлімі) сотқа дейінгі тергеу өндірісін аяқтады.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде 2018 жылғы 21 қыркүйекте 16 сағат 25 минутта Екібастұз қаласындағы «Болашақ+» сауда – ойын-сауық орталығының тұрағы аумағында Самойленко А.В. «Цеснабанк» АҚ Екібастұз филиалының бөлімінде «Трейд Компани СТ» ЖШС БИН170240000901 ағымдағы шотынан 1 000 000 теңге алған соң ұсталды.

Одан бөлек, сотқа дейінгі тергеу барысында Суров А.В. мен Самойленко А.В. 20-дан астам кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық ісіне қатысы бар екені анықталды.

Сарапшының 19.12.2018 жылғы № 57-18/9.4 қорытындысына сәйкес, бюджеттік төлемдер мен аударымдардың жалпы сомасы 364 712 190 теңгені құрайды.

Павлодар қалалық №2 сотының үкімімен Суров А.В. пен Самойленко А.В. 5 жылға бас бостандығынан айырылып, 5 747 046 теңге қаржы тәркіленді. 3 жылға қаржылық және коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айырылды.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1813449-pavlodar-oblystyk-ekonomikalyk-tergeu-departamenti-atkaryp-zatkan-zmystarymen-tanystyrdy.html