RU
Ирандық ару хиджабты шешкені үшін 15 жылға қамалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ирандық ару хиджабты шешкені үшін 15 жылға қамалды

Рассказать Вконтакте

Ирандық құқық қорғаушы Саба Корд Афшари басынан хиджабты шешкені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: Pixabay.com

Көрнекі сурет: Pixabay.com

Белгілі болғандай, Ирандағы әйелдер құқығы үшін күресуші 20 жастағы қыз 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Оның ішінде 15 жыл мерзім хиджаб кию ережесін бұзғаны үшін белгіленген.

Негізінде Афшари бір жыл бұрын тұтқындалған. Сөйтіп, биылғы ақпан айында түзету мекемесінен босатылды. Алайда, бұдан кейін де өз позициясын ашық білдіруді тоқтатпағандықтан, оны анасымен бірге қайтадан қамауға алған екен. Бұрын істі болуына байланысты сот оны бұл жолы қатаң жазаға кесіп отыр.

Бұдан бөлек, осы аптада тағы екі белсенді қыз мемлекетке қарсы үгіт-насихат жүргізгендері үшін 6 жылға сотталды.

Иран заңнамасы бойынша, әйел адамға қоғамдық орындарда басын ашып жүруге тыйым салынған. Бұл заңды бұзғаны үшін тұтқынға алу қарастырылған.

Алайда, кейбір нәзік жандылар наразылық ретінде рөлде отырған кездерінде хиджабты шешіп тастайды. Олар автокөліктің қоғамдық орын емес, жеке мүлік екенін алға тартады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
6
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel