Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мирзиеев өз ісіне өкінген 65 сотталушыны рақымшылықпен түрмеден босатты

Опубликовано:

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елінің Тәуелсіздік күні қарсаңында "өз ісіне өкініп, тура жолға түсуге ниет білдірген қылмыскерлерге рақымшылық беру туралы" жарлыққа қол қойды деп жазады Centralasian.org.

Мирзиеев өз ісіне өкінген 65 сотталушыны рақымшылықпен түрмеден босатты
Шавкат Мирзиеев. Фото: ru.sputnik.kg: Facebook

Жарлыққа сәйкес, жалпы 65 азаматқа рақымшылық беріледі.

Олардың ішінен 17 сотталушы жазадан толық босатылса, 13-і шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығарылады.

Мұнан бөлек 20 азаматтың жазасы жеңілдетіліп, 14 адамның жаза мерзімі қысқартылады. Тағы бір адам жалпы қоныстану мекемесіне шығарылады.

Рақымшылыққа ілінгендердің арасында төрт әйел, 60 жастан асқан бір адам, шетелдің бір азаматы және тыйым салынған ұйымдарға қатысқан 39 адам бар.

Айта кетерлігі, соңғы үш жыл ішінде Өзбекстанда жеті рет рақымшылық жарияланып, 3 мың 952 сотталушыға бостандық берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813480-mirzieev-z-isine-kingen-65-sottalusyny-rakymsylykpen-trmeden-bosatty/

pixel