RU
Қарағанды облысында әскери қызметкер өз-өзін атып жіберді

Қарағанды облысында әскери қызметкер өз-өзін атып жіберді

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында әскери борышын өтеп жатқан сарбаз өз-өзін атып, ауруханаға түскен. Жарақат алған сарбаз Приозерск қаласында орналасқан Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің әскери госпиталіне жеткізілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Тексерілген дереккөздің мәліметі бойынша, оқиға Қарағанды облысы Приозерск қаласындағы әскери бөлімшелердің бірінде болған.

Болжам бойынша Атырау қаласының тұрғыны болып табылатын әскери борышын өтеуші сарбаз, белгісіз жағдайда, төсінің сол жағына, жүрек тұсына оқ атқан.

Жарақаттанған сарбазды жедел түрде ауруханаға жөнелткен.

Қазіргі таңда ол Приозерск қаласында орналасқан Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі госпиталінде жатыр. Абырой болғанда оқ оның жүрегіне тимеген, алайда оның жағдайы ауыр.

"Әскери қызметкер туралы қандай да бір мәлімет бере алмаймыз, себебі ол Ресей Федерациясы министрлігіне тиесілі әскери госпитальде жатыр", - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel