Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Экзаменнен құладық": Орыс биін билеген Асылхан Төлепов пен Төреғали желіні жарды

Опубликовано:

Желіде қазақ өнерінде өзіндік қолтаңба қалыптастырып келе жатқан Төреғали Төрәлі, Асылхан Төлепов, Аян Өтепберген, Анар Батырханның академияда оқып жүрген кезінде билеген видеосы тарап, көпшіліктің көңілін көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр, Instagram/toregalitoreali, assylkhantolepov
Фото: Видеодан кадр, Instagram/toregalitoreali, assylkhantolepov: Instagram

Роликті Асылхан Төлепов Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Бұл видеода бәрі бар. Көшті бастап тұрған досым Аян. Төреғали, Анар, Ұлбосын, Алтынай да осы видеода. Көк шалбардағы мен. 2009 жыл биден экзамен тапсырып жатқан кезіміз. Экзамен провал болды", - деп жазды ол.

Бұны көрген желі оқырмандары "Жақсы би", "Жарайсыңдар", "Ол уақыт үшін үлкен жетістік", "Асылханның биге икемі жақсы екен", "Менің көңілімді көтерді", "Жарасып тұр", - деген сынды пікірлер қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1813635-ekzamennen-kladyk-orys-biin-bilegen-asylhan-tlepov-pen-tregali-zelini-zardy/

pixel