RU
Назарбаевтың сүйіктісін сомдаған қыз "Жер аруы" тәжі үшін бақ сынамақ
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаевтың сүйіктісін сомдаған қыз "Жер аруы" тәжі үшін бақ сынамақ

Рассказать Вконтакте

21 жастағы Алтынай Асенова "Жер аруы" байқауында Қазақстан намысын қорғамақ. Сұлулық байқауы Филиппинде қыркүйектің соңында басталады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Асенованың суреті "Жер аруы" сұлулық байқауының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған. Бойжеткен өзін шақырған шараның ұйымдастырушыларына жылы лебізін білдіріп, алғысын айтқан.

"Осындай керемет мүмкіндік үшін алғыс білдіремін" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, Алтынай Асенова ҚР Тұңғыш Президентінің "қалыңдығы" рөлін сомдап, танымал болды. Ол "Путь лидера" фильмінде Нұрсұлтан Назарбаевтың бала махаббаты болып ойнаған.

Танымал продюсер Арман Асеновтың қызы Алтынай модель болуды арман еткен. Алматылық ару сансыз сұлулық байқауларға қатысып, енді әлемдік додаға дайындығын бастап кеткен. Байқауға қатысатын арулар қазылар алдына экологиялық жоба ұсыну қажет.

Отандасымыз аталмыш байқау аясында Арал көлінің мәселесін көтермек.

Сіздің реакцияңыз
7
4
1
3
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel