RU
Дариға Назарбаева сенат спикері болып тағайындалды

Дариға Назарбаева сенат спикері болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Депутат Дариға Назарбаева жасырын дауыс беру нәтижесінде қайтадан сенат спикері болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Оған сенаттың бірінші жалпы отырысына қатысқан 48 депутат дауыс берген.

Сенат депутаты, сайлау комиссиясының төрағасы Әлімжан Құртаев атап өткендей, қалыс қалған немесе "қарсы" дауыс бергендер болған жоқ.

"Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы, сізді сенат төрағасы болып сайлануыңызбен құттықтаймыз. Өзіңізге артылған міндеттерді абыроймен атқаратыныңызға сенімдіміз. Сенаторлар сіздің басшылығыңызбен әрқашан жемісті жұмыс істеуге дайын", - деді вице-спикер Бектаз Бекназаров.

Ол осындай сөздермен Дариға Назарбаеваны төреалқаға шақырды. Назарбаева оған жақындағанда, Бекназаров раушан гүл шоғын сыйлады.

Өз кезегінде Дариға Назарбаева әріптестеріне сенім мен қолдаулары үшін алғысын білдірді және Қазақстанның дамуы үшін бар күш-жігері мен білімін жұмсауға уәде берді.

Айта кетейік, сенат спикері етіп Дариға Назарбаеваны қайта сайлау туралы ұсынысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
35
2
6
1
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel