Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда 150 мыңға жуық адам Айқынмен қосылып ән шырқады

Опубликовано:

Атырау қаласында эстрада жұлдыздарының қатысумен өткен "Open air-2019" концертінде Айқын Төлепберген де өнер көрсетті. Кеш барысында әнші "Алтыным" атты туындысын тыңдармандарымен бірге орындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан мұнайына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылған концерт 1 қыркүйекте Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы атындағы алаңда өтті.

Атырау тұрғындары мен қала қонақтары қатысқан шарада Айқын Төлепберген де бой көрсетті.

Әнші аталмыш кеште түсірілген видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жүктеп, "Маған қосылып айтқан әрбір көрерменді құшақтадым, тіпті иіскедім. Рахмет сіздерге! Аман болыңыздар, Атырау", - деген жазба қалдырды.

Мұны көрген желі оқырмандары өнер иесінің талантына жоғары бағасын берді.

"Керемет", "Айқын көпшілікпен жұмыс істей алады", "Жоғары деңгейде өнер көрсетті", "Жанды дауыста қиналмай ән орындайтынын тағы дәлелдеді", "Халық Айқынның өнерін жоғары бағалайтынына көзім жетті" деген сынды пікірлер қалдырды.

Әншінің тыңдармандарының арасында алаңда 150 мыңға жуық көрермен болғанын жазғандар да болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814049-atyrauda-150-myga-zuyk-adam-ajkynmen-kosylyp-n-syrkady/

pixel