Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыссыз жандар заман талабына сай мамандықтарды игере алады

Опубликовано:

Бір қарағанда мына жер сізге мейрамхана асханасындай көрінуі мүмкін. Алайда олай емес. Бұл суретте – елордадағы «Қоғамдық тамақтандыру және сервис» колледжінің зертханасы. Кадрдағы кейіпкерлер студенттер емес, аспаздық кәсіп ашуды арман етіп жүрген жұмыссыз жандар. Оларға «Еңбек» бағдарламасы аясында өз арманын орындауға мүмкіндік туды.

Жұмыссыз жандар заман талабына сай мамандықтарды игереді
Фото: Мусин Турарбек: Facebook

Жақында біз аталған бағдарламаның тиімділігін пайдаланып, тамақ жасау кәсібін меңгеріп жүрген болашақ аспаздардың тіршілігімен танысып қайтқан едік.

Жұмыссыз жандар заман талабына сай мамандықтарды игереді
Фото: Мусин Турарбек: Facebook

Бұл курсқа қатысу үшін «Жұмыспен қамту орталығына» барып, қалаған салаңыз бойынша өтініш беру арқылы жолдама ала аласыз. Осылайша, 20-56 жас аралығындағы азаматтар мен азаматшаларға тегін әрі стипендиямен оқуға мүмкіндік бар. Бұл жердегі білім алушылар – әртүрлі себеппен жұмыссыз жүргендер. Олардың қатарында жалғызбасты аналар, жазасын өтеп босатылғандар және тағы да басқалары бар. Оларды арман мен мақсат біріктіріп отыр. Әрқайсы кәсіп ашып, арманын іске асыру арқылы үлкен жетістікке жетуді көздейді.

Жұмыссыз жандар заман талабына сай мамандықтарды игереді
Фото: Мусин Турарбек: Facebook

Нұржанат Нұржауова, директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары:

- Бұл жерде олар білім алып қана қоймай, бір отбасына айналады. Тіпті осында жолыққандар бірін-бірі ұнатып, отбасын құратындары да бар. 2017 жылы мен басқа колледжде жұмыс жасаған кезде, мемлекеттік бағдарлама бойынша білім алған бір азамат баратын жері болмай, көшеде қалады. Кейін оған бірге білім алған достарының бірі қамқорлық көрсеткен. Бұл – осы жерде басталған достық-бауырмалдықтың бір көрінісі.

Жұмыссыз жандар заман талабына сай мамандықтарды игереді
Фото: Мусин Турарбек: Facebook

Біз барған күн балық тағамдарын жасайтын күнге тура келіпті. Білім алушылар көксерке, шортан секілді балық түрлерінен котлет дайындады. Көпшілігі балық котлетін алғаш рет жасап жатқанын айтады.

Светлана Голубева, өндірістік оқыту шебері:

- Әрине, алғаш кезде барлығында бірден жақсы шықпайды. Ондай кезде барынша қолдау жасап, түсіндіреміз. Жасалу жолын қайталап көрсетіп жібереміз. Бір сабақ 6 сағатқа созылғандықтан, уақыт жеткілікті. Оның үстіне олар демалыс күндері үйде қайталап, өздерін жаттықтырады.

Жұмыссыз жандар заман талабына сай мамандықтарды игереді
Фото: Мусин Турарбек: Facebook

Оқытушының айтуынша, көпшілігін стейк дайындау, ет маринадтау және оны түрлі пішінде кесіп, әзірлеу қызықтырады. Сонымен бірге, көп сұрақ тамақтарды әрлеп, безендіру мен көкөніс-жемістерді көркемдеп кесу төңірегінде туындайды екен.

Лейла, білім алушы (оң жақта):

- Бұл кісі – мен үшін ең керемет ұстаз. Барлығын тиянақты, жақсы түсіндіреді. Шынымды айтсам, білім алушылардың ішінде мүлде тамақ дайындай алмайтыны мен ғана. Сондықтан маған сәл қиындау. Бірақ, барынша тырысып жатырмын. Тамақты өзім үшін, ата-анам үшін жасаймын. Олардың менімен мақтанғанын қалаймын. Болашақта үлкен мейрамхана ашатын болармын. Ол жағы әзірге уақыттың еншісінде.

Жұмыссыз жандар заман талабына сай мамандықтарды игереді
Фото: Мусин Турарбек: Facebook

Ал мынау жұмыстың ең тәтті кезі. Бұл жақта болашақ кондитерлерлер мен наубайшылар білім алады. Бүгінгі жоспар – «Сүтті қыз», «Бал» торттарын және «Павлов» бөлке нандарын дайындау. Жақында олар қолдан шоколад жасауды және «Мусс», «Қызыл барқыт» торттарын дайындауды үйренеді.

Жұмыссыз жандар заман талабына сай мамандықтарды игереді
Фото: Мусин Турарбек: Facebook

Әлия Боранбаева, өндірістік оқыту шебері:

- Олар қазір сұранысқа ие болу үшін заманауи торттар мен тәттілер түрін үйренгісі келеді. Барлығы аса қызығушылықпен, ынталанып жасайды. Әрқайсы өз ісінің шебері болу үшін барынша білгенімді үйретуге тырысамын. Өзіміз дайындаған тәттілердің дәмін татып, шай ішіп отырып, талқылаймыз. Тәттілеріміз жақсы шықпайтын кездер болады. Сол үшін әрі қарай жетілдіру мақсатында артықшылықтар мен кемшіліктер жөнінде айтып, пікір алмасып отырған дұрыс.

Жұмыссыз жандар заман талабына сай мамандықтарды игереді
Фото: Мусин Турарбек: Facebook

Бұл – Зәуре. Төрт баланың анасы.

Зәуре:

- Нан, тәтті тоқаштар пісірудің жалпы үлгісін білемін. Қазір соған қоса нарықтағы жаңаша тәттілердің түрін үйренгім келеді. Сүйікті тәтті тағамым – бисквит. Себебі, оны жақсы дайындай аламын. Осында да дайындап көрдік, өте дәмді шықты. Жақында тәжірибеден өтуге барамын. Сол жақта жұмыста қалатын шығармын деген үмітім бар.

Жұмыссыз жандар заман талабына сай мамандықтарды игереді
Фото: Мусин Турарбек: Facebook

Қазіргі таңда колледжде 78 кәсіби аспаз, кондитер мен наубайшы білім алуда. Осыған дейін 65 азамат оқып, барлығы да өз саласы бойынша жұмысқа орналасқан. Олардың үшеуі «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы грантқа иеленіп, өз кәсібін ашып үлгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1814065-zmyssyz-zandar-zaman-talabyna-saj-mamandyktardy-igere-alady/

pixel