Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Абдуллин тұңғыш қызының туған күнін дүркіретіп атап өтті (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин Шахназ есімді үлкен қызының туған күнін атап өтті. Әнші Алматы қаласында ет-жақындарына дастархан жайып, перзентінің екі жасқа толуына орай мерекелік кеш ұйымдастырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі қызының туған күнін оңтүстік астананың қымбат мейрамханаларының бірінде тойлады.

Онда Абдуллин тек ең жақын туыстарын ғана шақырған көрінеді. Мерекелік шарада жұлдызды қонақтар бой көрсетпеген.

Туған күн кешіндегі фото және бейнежазбалармен әншінің өзі Instagram парақшасында бөліскен.

Желіде жарияланған видеодан Нұрболаттың қызына арнайы торт алып келіп, оның майшамын үрлетуге тырысқанын аңғаруға болады.

Оған қоса, бейнероликте Абдулиннің жары да бар . Ол қызы үшін майшамды үрлеп, тілек тілеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1814228-nrbolat-abdullin-tgys-kyzyny-tugan-knin-drkiretip-atap-tti-video/

pixel