Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Барлық жағдай жасалған әлемдегі ең керемет жатақхана жайлы не білеміз?

Опубликовано:

Даниядағы Копенгаген қаласында орналасқан студенттер жатақханасы әлем жұртшылығын таңғалдыруда. Тиетген атты студенттік қалашық білім нәрін сусындауды мақсат еткен жастарды барлық жағдаймен қамтамасыз етіп отыр деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Тиетген қалашығындағы жатақхана 2006 жылы салынды. Жеті қабаттың ішінде ауданы 26 800 шаршы метрды құрайтын 360 бөлме бар. Ғимараттың дөңгелек пішіні бірлік пен теңдіктің белгісі.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Студенттер жатақханасының ішкі ауласынан ауада қалықтап тұрғандай әсер беретін ас бөлмесін көруге болады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ас үйі жатақханада маңызды рөлді атқарады. Ғимараттың ішінде барлығы 30 ас бөлмесі бар. 12 бөлмеге 1 ас үйі тиесілі. Әрбір ас бөлме 4 тоңазытқыш, 2 газ плитасы мен тамақ әзірлеуге қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілген.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Сонымен қатар, бұл жерде студенттердің білім алуына жағдай жасайтын оқу залы да қарастырылған. Залда әрбір студентке қажетті компьютер, принтер, сканер секілді құрылғылар бар.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Студенттердің демалуы үшін қосымша бөлмелер қарастырылған. Ғимаратта 30 демалыс бөлмесі бар. Олардың әрқайсысы 45 шаршы метрді құрайды.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1814243-barlyk-zagdaj-zasalgan-e-keremet-zatakhana-zajly-ne-bilesiz/

pixel