Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тынымсыз еңбектенді": Тоқаев алғашқы жолдауына қалай дайындалды?

Опубликовано:

2 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы жолдауын таныстырды. Осыған байланысты прензиденттің кеңесшісі Ерлан Қарин ел көшбасшысының қалай дайындалғанын айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Қариннің сөзінше, мемлекет басшысы жолдауды жеке өзі дайындаған. Ал жұмыс екі айдан астам уақытқа созылған.

"Менің білуімше, президент бұл құжатты әзірлеу үшін тынымсыз еңбектенді. Сіздер бұл жолдауда қазіргі уақыттағы өзекті мәселелер де қамтылғанын байқаған шығарсыздар. Бұл президенттің қоғамда талқыланып жатқан барлық мәселені бақылап отырғанын көрсетеді", - деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ ол президент жолдауындағы міндеттер қалай жүзеге асырылатынына тоқталды.

"Менің ойымша, бұл мәселелерді үкімет қарастырады. Жолдауда айтылған президенттің тапсырмалары бойынша жалпыұлттық жоспар қабылданады. Бұл бірнеше күнді алуы мүмкін", - деді мемлекет басшысының кеңесшісі.

Қарин жоспар кешенді болатынын атап өтті.

Оның айтуынша, онда үкіметтің тарапынан қолға алынуы қажет нақты мәселелермен бірге жолдаудағы бастамаларға заң тұрғысынан қолдау көрсету жағы қаралатын болады.

Еске сала кетсек, 2 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет Қазақстан халқына жолдауын жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1814263-tynymsyz-ebektendi-karin-tokaevty-algasky-zoldauyna-kalaj-dajyndalganyn-ajtty/

pixel