Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Гарри Поттер кітабындағы дуа мен сиқыр шынайы болып шықты

Опубликовано:

АҚШ-тың Нашвилл қаласындағы Сент-Эдвард католик мектебінің пасторы Дэн Рихил Гарри Поттер жайлы кітаптардың адам үшін өте қауіпті екенін хабарлады деп жазады life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Католиктік мектептің пасторы Джоан Роулингтің кітаптарында жазылған дуалардың шынайы екенін айтып, өз сөзін растау мақсатында біршама дәлелдер келтірді.

"Кітаптарда сиқыр жақсы да, зұлым да болып бөлінеді, алайда бұл олай емес. Бұл нағыз қулық! Ол жерде жазылған қарғыс пен дуа шынайы. Оны оқыған адам өзіне зұлымдық рухын тартады", - дейді Рихил.

Мұндай мазмұнмен жазылған хаттарды пастор ата-аналарға таратып, Роулинг кітаптарының осы себепті мектеп кітапханасынан алынатынын түсіндірді.

Католиктік мектептерге жауапты Ребека Хаммел жағдайға түсініктеме бере отырып, пастор Рихилдің өте құрметті адам екенін және оның өз мектебінде кез келген нәрсеге тыйым салуға құқы бар екенін түсіндірді.

Дегенмен, кітап қаланың барлық оқу орындарынан алынып тасталмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1814336-jgili-garri-potter-kitabyndagy-dua-men-sikyr-syn-bolyp-sykty/

pixel