RU
Ақмола облысында жәрдемақы алған көпбалалы аналар ақшасын қайтармаса, сотқа тартылмақ

Ақмола облысында жәрдемақы алған аналар ақшасын қайтармаса, сотқа тартылмақ

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысындағы бірнеше ауылда атаулы әлеуметтік көмек ретінде үкіметтен жәрдемақы алған көпбалалы аналардың ақшасы қайтарып алынбақ. Шенеуніктер қыруар қаржыны бір мезетте төлемеген аналарды сотқа бермек деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Төрт баланың анасы Уәзира Баймұқанова 89 мың теңге көлеміндегі жәрдемақы алып жүргенде, әкімдіктен ескерту қағаз алады.

Анықталғандай, келіншектің табысы атаулы әлеуметтік көмектің талабына сай келмеген.

Себебі қаңтарда күйеуі жұмыстан шығып, 62 мың теңге өтемақы алған екен. Сол кіріс отбасындағы адам басына шаққандағы 20789 теңгеден асып кеткен.

Енді әйел адам төрт айда алған 357 мың 884 теңге жәрдемақысын үкіметке қайтаруға міндетті.

"АСП деген басымызға пәле болды, шынымды айтсам. Кезінде заңды шығарған – өздері, құжат жинаған – өздері. Енді құжат жинағандар "кінәлі емеспіз" дейді. Бермесе, соның артынан қумаушы едім. Олар сіздер "" дейді. Мен несін жасырамын?!", - деп ашынды Қоянды ауылының тұрғыны Уәзира Баймұқанова.

Сонымен қатар, аудан бойынша тағы 7 адам үкіметке берешек болып шыққан. Әйел адамдар сәуір айынан бастап жәрдемақы алған.

Тек тамыздың басында "табысыңыз көрсеткіштен артық, ақшаны қайтарыңыз" деген бір бет қағаз келген.

Жәрдемақыны қажетіне жаратып жіберген келіншектер енді оны өтей алмаса, істі болатынын айтып, дабыл қағуда.

"Жаңа бізге балаларға пәле болады деп айтты. Ертең оқуға түссе, "шешесі сотталған" деп шығады дейді. Енді білмеймін не істейтінімді. Мына 600 мыңды қалай төлеймін, білмеймін", - дейді Қараөткел ауылының тұрғыны Ботагөз Десупова.

Ал жауаптылардың сөзінше, даудың тууына сәуір айында іске қосылған "жаңа база" себеп болған. Ол аналардың қаңтар, ақпан, наурыз айларындағы табыстарын дұрыс есептей алмаған.

"Сәуір айыннан бастап, "Ехалық" деген базаны енгізді.Одан кейін еңбек нарығы деген база бар. Сәуірде база дұрыс істемеген. ИП-сы барларды да көрмегенбіз. Бұл қателік кімнен кетті, ол жағын айта алмаймыз", - дейді Целиноград аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Динара Омарова.

Жауаптылар көпбалалы аналарға ақшаны қалайда қайтару керектігін айтады. Әйтпесе, істі сотқа жібермек.

Алайда мамандардың айтуынша, кейбір әйелдер қайтадан атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжат тапсыра алады. Дегенмен олар жаңа тізімге ілігіп, жәрдемақы ала ала ма, оны комиссия шешпек.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
10
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel