RU

Беташарда ақшаны Каспий голдқа жіберген жігіт жұртты күлкіге қарқ қылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Беташар рәсімі кезінде аты аталған ер адам ақшаны ыдысқа салудың орнына Каспий голдқа жіберіп, көпшілікті күлдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Қызықты видео Instagram-дағы kyzykstylekz парақшасында жарияланған.

Кадрдан ортаға билеп шыққан жігітпен асабаның жанына келіп, ақшаны карточкаға аударып жатқанын дәлел ретінде көрсеткен тағы бір азаматты көруге болады.

Соған қарағанда ер адамда қолма-қол ақша болмаған сыңайлы.

Ақша салудың мұндай тәсілі келген қонақтардың да желі қолданушыларының қызу талқысына түскен.

Көңілді бейнежазбаның астына оқырмандары түрлі пікір қалдырды.

"Күшті", "Мықты ғой", "21 ғасыр емес пе, дұрыс", "Өтті", "Күшті той ғой, молодец", - деп жазды олар.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Беташарда ақшаны Каспий голдқа жіберген жігіт жұртты күлкіге қарқ қылды
Mailfire view pixel