Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Толқын Забирова Еркеш Шакеевтің қызын ұзатты (видео)

Опубликовано:

Белгілі әнші Толқын Забирова өзінің Instagram парақшасында танымал композитор Еркеш Шакеевтің қызының ұзату тойынан видео жариялады. Онда әнші композиордың қызын ұзатқанын байқауға болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш видеоға қатысты әнші:

"Белгілі қайғылы оқиғадан кейін, Еркеш пен Жаннаның шаңырағы қуанышқа бөленіп отыр! Жаратушыма мың алғыс. Кеше ғана кішкентай Меруерт балапанымыз бүгін өз бақытын тауып, бәріміздің жүрегімізді елжіретті. Мьюка-Аваз бақытты, балалы болыңдар!
Әке мен ананың көз жасын Алла көрсетпесін! Арман Дүйсеновтың Қалқажан әнімен қызымызды бақытты өмірге шығарып салдық! Қыздарымыз барған жерде бағы ашылып, бақытты болсын", - деген жазба қалдырған.

Желі қолданушылары да жас жұбайларға ақжарма тілектерін жаудырған.

Олар "Бақыттың болыңдар", "Көтерген шаңырақтарың биік болсын", "Алла ата-анаңды енді жылатпасын", "Барған жеріңді бақытты қыл" деген тілектерін жарыса жазып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1814463-tolkyn-zabirova-erkes-sakeevti-kyzyn-zatty-video/

pixel