RU
"Белім қайыспай бағамын": Арман Әшімов әйелімен келісіп, тоқал алмақшы
Жаңалықтар Қоғам

"Белім қайыспай бағамын": Арман Әшімов әйелімен келісіп, тоқал алмақшы

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық файтер Арман Әшімов Prosports.kz басылымына сұхбат беріп, тоқал алуды екі қолдап қолдайтынын және келіншегінің оған қарсы еместігін айтты.

Арман Әшімов. Фото: prosports.kz

Арман Әшімов. Фото: prosports.kz

Арман қазақ қоғамында жиі талқыланып жүрген тоқал алу мәселесін өзекті тақырып деп есептемейді екен. Спортшының сөзінше, бұл тақырып бабаларымыздан бері келе жатыр.

"Менің ойымша, өзекті тақырып деген дұрыс емес. Бұл мәселе ежелден келе жатыр. Бабаларымыз да бұдан кенде емес еді. Дінімізде бар.

Сосын нәпсіқұмарлықтан емес, асыраушысы жоқ әйел адамға қамқор болу, ұрпақ өрбіту сияқты оймен алған дұрыс. Қаншама қыздарымыз шетел асып, өзгенің қолтығына тығылып, қойнында жүр.

Сол үшін қазақ жігіттері бірінші әйелімен жақсы мәміледе болып, одан рұқсат сұрап барып, екінші әйел алса құба-құп болар еді", - деді Арман Әшімов.

Арманның өзі де тоқал алуға қарсы емес екенін жеткізді. Тіпті, келіншегімен үйленбей тұрып осы мәселені шешіп алған көрінеді.

"Жасырмай айтайын, мен тоқал алуды екі қолымды көтеріп қолдаймын. Келіншегім де қарсы емес. Өзі танысып, сөйлесіп көрсін. Ары қарай әрекеті бізден.
Үйленерге дейін солай келіскенбіз. Мен ұрпағымның көп болғанын қалаймын. Балаларымның саны оннан асып жатса да, отбасымды белім қайыспай баға аламын деп ойлаймын. Уақыт көрсетер", - деп спортшы ағынан жарылды.
Сіздің реакцияңыз
13
0
5
2
0
41
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel