RU
"Ұят нәрсе": Роза Рымбаева қалың мал сұрайтын ата-аналарды сынап тастады
Жаңалықтар Қоғам

"Ұят нәрсе": Роза Рымбаева қалың мал сұрайтын ата-аналарды сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Халық әртісі Роза Рымбаева қыздарына қалың мал сұрайтын ата-аналарды сынға алды. Бұл туралы "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Фото: Видеодан кадр/ Айта берсін

Фото: Видеодан кадр/ Айта берсін

Әнші ескілікпен өмір сүруді қою қажеттігін алға тартты.

"Менің қызыма мынанша дүние әкел деу ұят нәрсе. Кезінде ата-бабамыз өзінің жағдайын түзеу үшін кедей байғұс оны байға сатқан. Мал алған, өзінің жағдайын жасаған", - дейді ол.

Ал Өктем Алтаев қалың малды "қыз сату" деп есептемейді.

"Қызға бір немесе екі млн теңге алсаң, соған қыздың өзін жасау жасап апарасың. Керісінше, оның үстіне тағы екі млн қосып, 4-5 млн теңгеге жасау апарасың. Келін түсіргеннен гөрі қыз ұзатқан қиындау", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
5
1
2
0
3
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel