Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдос Сметов алғаш рет отбасы жайлы баяндады

Опубликовано:

2019 жылы Будапеште дзюдодан өткен Гран-при турнирінің жеңімпазы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында отбасы туралы айтып берді.

Қазір Елдос Тараз қаласында отбасымен бірге тұрып жатыр. Спортшының бір ұл, бір қызы бар екен.

"Балауса есімді сүйікті әйелім және Алла берген қызым мен ұлым бар. Қызымның есімі – Мәриәм. Ол – 1,5 жаста. Ал ұлым Омардың өмірге келгеніне 4,5 ай болды. Кеше баламды сүндетке отырғыздым", - деп қуанышымен бөлісті Елдос Сметов.

Айта кетейік, талай жарыстарда ел намысын қорғап жүрген Елдос Сметов жақында Токиода өткен дзюдодан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815348-eldos-smetov-algas-ret-otbasy-zajly-baandady/

pixel