RU
Әйгілі "Қыз Жібектің" сәукелесін кім жасаған? (фото)

Әйгілі "Қыз Жібектің" сәукелесін кім жасаған? (фото)

Рассказать Вконтакте

"Қыз Жібек" фильмі қазақ кинемотографиясының жауһары айналды. Бәріміз Қыз Жібектің сұлулығына тамсанғанымыз рас. Ал басты кейіпкердің образын аша түскен сәукеле туралы біле бермейміз. Осы орайда оны жасаған сәулетші Лейла Рахымжанова тарихи естеліктерімен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/leila.rakhimjanova

Фото: facebook.com/leila.rakhimjanova

Лейла Рахымжанова Facebook желісінде сол күндерід есіне алды.

Айтуынша, киностудия тігіншілері сәукелені тігуден бас тартқан соң, ол дайын эскизді үйіне әкетіп бір түнде жасап шыққан.

"Қыз Жібектің сәукелесін мен тіккенмін! Сәукелені шұғыл дайындау керек болды, бірақ киностудия тігіншілері оны тігуден бас тартқан. Сосын мен дайын пішінді үйге алып, Гүлфайрус Ысмайылованың эскизіне сәйкес әрбір моншақты қатты картонға тіге бастадым.
Түні бойы жасап, сәукелені таңертеңге киностуияға дайындап апардым. Жүздеген моншақ тізбектеліп тігілген жұмысты көріп Гүлфайрус Ысмайылова қатты таңғалды. Мен ол кезде 18 жаста едім, өзім де таң қаламын", - дейді Лейла Рахымжанова.
Лейла Рахымжанова 18 жаста. Фото: facebook.com/leila.rakhimjanova

Лейла Рахымжанова 18 жаста. Фото: facebook.com/leila.rakhimjanova

Лейла Рахымжанова - 1949 жылы 26 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Табиғатынан би мен әртістік қабілеті болғандықтан, жас кезінде "Қазақфильм" киностудиясының бірнеше картинасына түскен.

Кейін де фильмге түсуге ұсыныстар болған. Алайда, ол басқа мамандыққа бет бұрып, сәулетші атанған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
30
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel