Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зайсан көлінде екі балықшы із-түзсіз жоғалып кетті

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан көлінде 6 қыркүйек күні көлге шыққан екі балықшы жоғалып кетті деп хабарлайды Алтайньюс.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Балықшылардың бірі – 41, екіншісі – 26 жаста.

Басылымның мәліметінше, жағалаудан бірнеше шақырым жерден балықшылардың бос қайығы табылған.

Басылымның жазуынша, құтқарушылар "суға батып кетуі мүмкін" деген болжам жасаса, куәгерлер 26 жастағы балықшының мүлдем жүзе алмайтынын айтқан.

Өскеменнен барған сүңгуірлер жағалаудан 10-15 шақырым жерде, 15 метр тереңдікке дейін сүңгіп, балықшыларды іздеп жатыр.

Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына жақын елді мекендердің тұрғындары да атсалысуда. Құтқарушылар Зайсан көлінің үстін және маңайын тікұшақпен де шолып жүр.

Іздеу жұмыстары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815478-zajsan-klinde-eki-balyksy-iz-tzsiz-zogalyp-ketti/

pixel