Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Свадьба года": Нұрболхан Шарапов 500 адамды шақырып, дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов шаңырақ көтерді. Жайдарман арқылы көпшілікке танылған жігіттің тойы Тараз қаласында өтті. Мерекелік кешке 500-ге жуық адам шақырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мерекелік кеш Тараз қаласындағы мейрамханалардың бірінде болды.

Екі жастың дүбірлі тойына айтыскер ақын Балғынбек Имашев, қазақ эстрадасының жұлдыздары Нұрлан Еспанов, Серік Ибрагимов, Нұрболат Абдуллин, Маржан Арапбаева, Дастан Оразбеков, Жолдасбек Абдиханов, "Өнер қырандары" мен "Базар жоқ" театрларының актерлары арнайы келген.

Сондай-ақ, жайдарман сүйер қауымға танымал бір топ әзілкештер де Нұрболханның қуанышында бой көрсеткен.

Олардың арасында Арман Жиеналиев, Ғалым Маханбетов, Елдос "Калабок", Хамит Ердехан, Құттыбай Сағындықов, Жандос Самалбеков болды.

Нұрболхан Шарапов желідегі парақшасында қуанышын бөліскен барша қонақтарға алғыс айтуды ұмытпады.

"Свадьба года прошла на ура! Әуелi Аллаһқа шүкiр, жоғары деңгейде өтуiн нәсiп еткен. Ата-анама рахмет, қолдауын аямаған. Барша бауырларыма рахмет, қуанышыммен бөлiскен. Барлық достарыма рахмет, тойымды көтерiп тастаған. Биылғы жыл кәдiмгiдей бiр берекелi жыл болды мен үшiн", - деді әзілкеш.

Еске сала кетсек, Нұрболхан Шарапов хиджабтағы аруды ұзатып, әулетіне келін етіп түсіргенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1815540-svadba-goda-nrbolhan-sarapov-500-adamdy-sakyryp-drkiretip-toj-zasady-foto-video/

pixel