RU
Қазақстанда салықтан кімдер босатылады?

Қазақстанда салықтан кімдер босатылады?

Рассказать Вконтакте

Қаржы министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында микро және шағын бизнеспен айналысатын қандай кәсіпорындар салықтан босатылатыны туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ол мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында микро және шағын бизнестің барлық субъектілерін үш жылға табыс салығынан босату туралы тапсырма бергенін еске салды.

Министр "қандай кәсіпорындар салықтық жеңілдікке ие болады" деген сұраққа жауап бере отырып, салық заңнамасына сәйкес, микробизнеске 15 адамға дейін жұмыспен қамтитын, жылдық кірісі 30 мың АЕК немесе шамамен 76 млн теңгені құрайтын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар кіретінін атап өтті.

Ал шағын бизнес өкілдеріне 100 адамға дейін жұмыспен қамтитын, жылдық кірісі 300 мың АЕК немесе шамамен 757 млн теңгені құрайтын кәсіпорындар жатқызылады.

"Мұндай ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер табыс салығынан босатылады. Бұл – жеке табыс салығы мен корпоративтік табыс салығы. Жалпы, өткен жылы микро және шағын бизнестен бюджетке аталмыш салықтардан шамамен 190 млрд теңге төленді.

Ал 2020 жылы сәйкесінше, аталған компаниялар мен жеке кәсіпкерлерді табыс салығынан босатқан жағдайда бюджет шығыны 200 млрд теңгеден асып түседі.

Алайда, бұл шығынды салықтық және кедендік әкімшілендіруді күшейту есебінен өтеуді жоспарлап отырмыз", – деп түсіндірді Қаржы министрі.
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel