Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойына мейрамхана таңдадым": Сүйгені өзгеге үйленіп кеткен ару көптен ақыл сұрады

Жарияланған күні:

Сүйгені өзге аруға үйленіп, бақытын басқадан тапқан бойжеткен көптен кеңес сұрады. Ол "ғашығы" деп санаған жігіттің неліктен мұндай әрекетке барғанын түсінбеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Бойжеткен басынан өткерген оқиғасын astana_forum парақшасында баяндаған. Айтуынша, ол жігітімен бір жылдан астам уақыт бойы таныс болыпты.

"Жігіттерден көңілім қалды. Бәріне сенуден қалдым, тіпті саналы азаматтар қалғанына сенбейтін күйге түстім. Менің оқиғам былай болды.

Біз жігітіммен бір жылдан астам уақыт бойы таныс болып, үш айдай қыз-жігіт ретінде жүрдік.

Бәрі биылғы жылдың мамыр айында басталды. Оған дейін бос уақытымызды бірге өткізетінбіз, оны таныстарымыз да жақсы біледі. Бірде ол маған ағасы үйленетінін, соған мейрамхана таңдауға көмектесуді сұрады.

Мен еш ойланбастан келісе кеттім. Бірақ көңілімде бір күдік болды. Сөйтіп одан "Өзің үйленгелі жатқан жоқсың ба?" деп те сұрадым. Ол "жоқ" деп ат тонын ала қашты.
Осылайша маусым айында менің туған күнім болды, кәдімгідей жұп болып бірге атап өттік. Сыйлық жасады. Одан кейін бір аптаға демалысқа барып келдік, бәрі тамаша болды", - дейді бойжеткен.

Арудың сөзінше, ол сүйген жігітінің өзге қызға үйленетінін тек тамыз айында білген. Жігіт тіпті 16-шы тамыз күні іссапарға барамын деп алдаған екен. Алайда бойжеткен оның шаңырақ құратынын достары мен туыстарынан біліп алған.

"Қатты қиналдым, жыладым, айғайладым. Амалым не? Ойлаңыздаршы, мен оның үйлену тойына мейрамханаға дейін таңдастым. Қоңырау шалдым, неге олай алдағанын білгім келді.

Ол болса "Жарайсың, білгенің жақсы болды, енді не істейін?»"деп жауап берді.

Оның үйленген қызының әлеуметтік желідегі парақшасын да тауып алдым. Бәрін айтып салғым келді, бірақ дәтім бармады.

Ойымда тек: "Менімен неге бұлай жасады?", "Мен осыған лайықпын ба?" деген сұрақтар болды. Ол тіпті осы әрекетіне өкініп, кешірім де сұрамады.
Тіпті менің ойымша үйленгеннен кейін де маған түк болмағандай келіп, бұрынғыдай араласа бермек болды. Енді ер адамдарға сенуден қалдым. Айтыңыздаршы не істеуім керек", - деп көптен көмек сұраған ол.

Желі қолданушылары бойжеткеннің бастан өткен оқиғасына түсіністікпен қарап, жанашырлық танытқан.

Олар: "Уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады", "Осындай адамның өміріңізден кеткеніне қайта қуаныңыз", "Сізден емес кінә, өзіңізді жазғырмаңыз", «Алла бәрін көріп тұр, демек сізге одан да жақсы адам кездеседі", - деген пікірлерін жаудырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815595-tojyna-mejramhana-tadadym-sjgeni-zge-kyzga-jlenip-ketken-bojzetken-kpten-akyl-srady/