Қазақстанда 11 педофил химиялық кастрация жазасына кесілді
Опубликовано:
Қазақстанда 11 педофил химиялық кастрация жазасына кесілді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы 2018 жылдың 1 қаңтарында қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне келген он бір адам химиялық кастрация жасау жазасына кесілгенін айтты.
Ведомстоның мәліметінше, қазіргі уақытта бұл процедура екі адамға жасалып жатыр.
Химиялық кастрация сот-психиатриялық сараптама негізінде сот шешімімен жүзеге асырылатыны және 18 жастан асқан педофилдерге қолданылатыны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815645-kazakstanda-11-pedofil-himialyk-kastracia-zazasyna-kesildi/