RU
Өзін қанағаттандыру үшін отбасылы жігіттің көңілдесі болған әйел сырын ақтарды

Өзін қанағаттандыру үшін отбасылы жігіттің көңілдесі болған әйел сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Екі қыздың анасы ажырасқаннан кейін жас жігіттермен кездесе бастағанын алға тартты. Алайда қайта жар атануды емес, жыныстық қатынасты қалаған келіншек отбасылы жігітке кезіккенін ашып айтты деп хабарлайды astana__forum парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Күйеуімен ажырасқаннан кейін әйел адам басы бос жігітпен қарым-қатынас құрған.

Өз сезіміне сенімді болған азамат келіншекке тұрмысқа шығуға ұсыныс жасапты. Алайда қайта жар атанғысы келмейтінін түсінген әйел қыздары үшін жігіттің бетін қайтарыпты.

"Күйеуіммен ажырасқанмын. Екі қызым бар. Олар үшін бәріне дайынмын, қатты жақсы көремін. Жұмыс істеймін, ешкімге күнімді қаратпаймын. Күйеуіммен ажырасқаннан кейін бір жігітпен кездесе бастадым.
Көп ұзамай ол маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Мен болсам, қыздарымды ойлап, бас тарттым", - дейді келіншек.

Дегенмен төсек қатынасын қалаған ол отбасылы ер адаммен кездесе бастапты.

Оның сөзінше, жары мен баласы бар жігіт оны толықтай қанағаттандырады екен. Дегенмен, келіншек жас жігітпен бірге мәңгі бірге болмайтынын біледі екен.

"Алайда жас болғандықтан ағзам қатынасты қалап тұрады. Басы бос жігіттермен ешқандай міндетсіз жай ғана кездесу мүмкін емес. Сол себепті отбасылы ер азаматтың көңілдесі болдым.

Ол менен 2 жас кіші, жұбайы мен баласы бар. Ол мені толықтай қанағаттандырады. Төсек қатынасына да көңілім толады. Маған одан ештеңе қажет емес.

Аптасына 2-3 рет кездесіп тұрамыз. Сол жеткілікті. Мен балаларымның тәрбиесімен айналысамын және екінші рет тұрмыс құрмауды шештім", - деп жазды кейіпкер.
Сіздің реакцияңыз
25
5
8
8
1
14
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel