Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұтқындалуға келісемін": Үш жасар баланың өліміне күдікті қамауға алынды

Опубликовано:

Қарағандыда үш жасар Максим Гарифулиннің өліміне күдікті деп танылған ер адам тергеу кезінде қамауға алынуы керек екеніне келісетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Сот төрайымы Амантай Әбдіқамаловтың: "сізге қатысты қамауда ұстау керек дегенге келісесіз бе?" деген сұрағына Игентай Сопыжанов: "Тұтқындалуға келісемін" деп жауап берді.

Оған кінәсін мойындау туралы ұрақ қойылған жоқ. Себебі сот қамауға алу бұлтартпа шарасын таңдау кезінде тұтқындалушының кінәсінің дәлелденген немесе дәлелденбегеніне қатысты мәселені шешпейді.

Сопыжанов сот залына күзетшілермен бірге кірді. Ол күшейтілген тәртіпте күзетілді. Ол бұған дейін әйел адамды өлтіріп, енді бала ұрлығы мен өліміне күдікті болып танылғандықтан, Сопыжановты бес күзетші қоршап тұрды.

Сопыжанов сотта қысқа қайырып, артық сөз айтқан жоқ. Қайтыс болған баланың туыстарынан кешірім сұраған жоқ.

"Сот ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігі "кісі өлтіру" бойынша күдікті деп танылған 1996 жылғы Игентай Кәріұлы Сопыжановқа қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалсын деп қаулы етеді", - деп жария етті Шет аудандық сотының төрағасы Амантай Әбдіқамалов.

Естеріңізге сала кетейік, қайтыс болған баланың денесі 8 қыркүйек күні табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бала тұншықтырылды.

Бала ұрлығы мен өліміне күдікті 8-нен 9 қыркүйекке қараған түні Қарағандыдағы вокзалда ұсталды. Ол бұған дейін кісі өлімі үшін сотталып, жазасын толық өтемеген. Ер адам мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815819-ttkyndaluga-kelisemin-s-zasar-balany-limine-kdikti-kamauga-alyndy/

pixel