RU

Әйгілі Ксения Собчак тағы да тұрмысқа шықпақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тележүргізуші Ксения Собчак пен театр режиссері Константин Богомолов отбасын құрмақ. Болашақ жұбайлар тойларына 300-ге жуық қонақ шақырған деп хабарлайды Комсомольская правдаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ксения Собчак пен Константин Богомолов, фото: РИА Новости/Екатерина Чеснокова

Ксения Собчак пен Константин Богомолов, фото: РИА Новости/Екатерина Чеснокова

Салтанантты шараға шақырылған қонақтар арасында режиссер Федор Бондорчук пен оның жұбайы Паулина Андреевна Бірінші арнаның бас директоры Константин Эрнст пен әйелі Софья Эрнст, актриса Рината Литвинова мен әнші Земфира, "Ленинград" көшбасшысының бұрынғы әйелі Матильда, дизайнер Ульяна Сергеенко мен Ульяна Цейтлина бар.

Тележүргізушінің құрбыларының бірі тойды асаба ретінде Игорь Верник жүргізетінін атап өтті.

Верник өз кезегінде Богомоловпен дос екенін айтып, тойға баратынын жасырмады, алайда одан басқа мәліметті жарияламады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Собчак пен Богомоловтың тойы 13 қыркүйек күні Мәскеуде өтеді.

Салтанатты шара 16 млн рубльге, яғни, 94 млн 400 мың теңгеге бағаланып отыр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйгілі Ксения Собчак тағы да тұрмысқа шықпақ
Mailfire view pixel