Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет боксшы аруға үйленді (фото)

Опубликовано:

Бокстан Қазақстан чемпионы Мадина Нұршаева Азия чемпионы Бек Нұрмағанбеттің жары атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Спортшы қыздың ұзату тойы Сарыағаштағы мейрамханалардың бірінде өткен.

Қуанышты хабар Instagram желісіндегі sport_17_13 тобында жарияланған.

Мерекелік кеште спортшының туыстары мен бір топ боксшы қыздар бой көрсеткен. Олардың арасында бірнеше ірі жарыстардың жеңімпазы, Рио олимпиадасының қатысушысы Жайна Шекербекова да болған.

Ол "келін атанған" құрбысын Instagram желіcіндегі парақшасында құттықтаған.

"Жол мұраты - жету, қыз мұраты - кету" демекші, міне Мадина қызымызды шығарып салдық. Тіккен отауларың биік, керегесі кең болсын!", - деп жазды боксшы ару.

Айта кетейік, тойдағы суреттерден Мадинаның ұзатуы қазақи нақышта өткенін байқауға болады.

Спортшы қыздың "менің жолымды берсін" деген ниетпен құрбыларына "үкі" таратқанын да белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815914-bokstan-azia-cempiony-bek-nrmaganbet-bokssy-aruga-jlendi-foto/

pixel