RU
"Әтір деп ойлаған": Леңгірде оқушылар мен ұстаздар уланып қала жаздады

"Әтір деп ойлаған": Леңгірде оқушылар мен ұстаздар уланып қала жаздады

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы, Леңгір қаласындағы мектептердің бірінде төтенше жағдай орын алды. Оқу орнынан оқушылар мен мұғалімдер толығымен эвакуацияланды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

"Әтір деп ойлаған": Леңгірде оқушылар мен ұстаздар уланып қала жаздады

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оқиға бүгін Төлеби ауданы, Леңгір қаласындағы №7 жалпы орта мектебінде орын алған.

Белгілі болғаны, білім ордасының 10 сынып оқушысы мектепке келе жатып жол бойынан белгісіз құты (флакон) тауып алып, оны өзімен бірге сабаққа алып келген.

Түскі үзіліс уақытында ол құтыдағы сұйықтықты әтір деп ойлап мектеп ғимаратының бірінші қабатынының дәлізіне себеді. Соның салдарынан балалар жөтеліп, білім қызметкерлері өздерін жайсыз сезіне бастаған.

"26 оқушы, 2 мұғалім мен 1 техникалық қызметкерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Мектеп әкімшілігі тарапынан 70 қызметкер мен 711 оқушы сыртқа эвакуацияланып, үйлеріне қайтарылды.
Қазіргі таңда 8 оқушы ауруханаға орналастырылып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімімен тергеп тексеру амалдары жүргізілуде" ,- деді Төлеби ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Арман Айнабаев.
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel